Ләззат Ибрагимова 23 қаңтардан бастап іске қосылатын сайттың атауын айтты

0
187

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова онлайн брифингте зейнетақы қорындағы жинақтың бөлігін пайдалану жөнінде ақпарат алуға арналған сайттың атауын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинақтарының белгілі бір бөлігін пайдалану жөнінде толық ақпарат алуға және өтінім жіберуге арналған сайттың атауы – enpf-otbasy.kz деп аталады. Мен қазір бұл сайттың атын бірінші рет айтып отырмын. Сайт екі ұйымның атауымен біріктіріліп аталып отыр. Бірақ оны қазір тексеріп көрсеңіздер, онда сайттың ертең сағат 9.00-ден бастап іске қосылатыны туралы жазу шығып тұрады. Біз оның іске қосылуын әдейі сенбі күні тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін белгіледік», – деді ол.