Зейнетақы жинағының бөлігін шипажайларда емделуге жұмсауға бола ма

0
108

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова онлайн брифингте зейнетақы қорындағы жинақтың бөлігін шипажайда емделуге жұмсауға мүмкіндік беру қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бұл сұрақты мемлекеттік органдар қарастыру үстінде. Бұл жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Мысалы, баспаналы болу үшін немесе басқа мақсатта жұмсау үшін зейнетақы жинағындағы шектік мөлшерге тиісті деңгейде жетпейтіндіктен, азаматтар өздерінің денсаулығына жұмсауды ойлай бастады. Менің ойымша, олай істеуге мүмкіндік қарастырылуы мүмкін. Әзірге бұл сұрақ әлі де талқыланып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта осы және өзге де сұрақтар бойынша қосымша баспасөз мәслихатын өткізетін боламыз», – деді ол.