Зейнетақы жинағы арқылы алынған пәтерді 5 жылға дейін сатуға болмайды

0
115

Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев онлайн брифингте зейнетақы қорындағы жинақтың бөлігін жұмсау арқылы ипотека рәсімдеген азамат сол пәтерін 5 жылға дейін сата алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Зейнетақы қорындағы жинақтың шектік мөлшерден артылған бөлігін жұмсау арқылы ипотека рәсімдеген азаматтар сол пәтерлерін 5 жылға дейін сата алмайды. Егер ипотекалық несиені толықтай алдын ала өтеп тастаған жағдайда ғана жылжымайтын мүлікті сатуға құқығы болады», – деді ол.