Зейнетақы қорындағы жинақтың бөлігін алуға қаржы жеткіліксіз болса не істеуге болады

0
83

Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев онлайн брифингте зейнетақы қорындағы жинағы азаматтың жасына сәйкес межеленген сомаға жетпесе не істеуге болатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Тілшілер тарапынан қойылған «Зейнетақы қорындағы жинағы азаматтың жасына сәйкес межеленген сомаға жетпесе ерлі-зайыптылардың жинақтарын қосып, содан артылған қаржыны алуға мүмкіндік қарастырылған ба?» деген сұраққа Еркебұлан Дауылбаев былай деп жауап берді:

«Егер шектік сомаға қаражат жеткіліксіз болса, азаматтар жұбайының немесе зайыбының және жақын туыстарының жинағынан артылған қаржыны ала алады. Әрине, ол үшін, ең бастысы, жақындарының келісімі керек».