Азаматтар зейнетақы қорындағы жинағы арқылы үйлерін жөндей ала ма

0
83

Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев онлайн брифингте азаматтардың зейнетақы қорындағы жинағынан шектік мөлшерден артылған соманы үйді жөндеуге жұмсау ережесі туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Азаматтар зейнетақы қорындағы жинағынан шектік мөлшерден артылған соманы жаңадан сатып алған пәтерін жөндеуге жұмсай алады. Бірақ жеке меншігіндегі бұрыннан бар үйлерін жөндеуге рұқсат берілмейді», – деді ол.

Спикерлердің сөзінше, зейнетақы қорындағы шектік мөлшерден артылған соманы азаматтар депозиттерін толтыруға ала алмайды, тек ипотека арқылы пәтер сатып аларда бастапқы жарнаны толтыру үшін қолдануға мүмкіндігі бар.