Әзербайжандық абайтанушылар ТҮРКСОЙ-дың «Абай 175 жыл» медальдарымен марапатталды

0
77

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде ұлы қазақ ақыны және ағартушысы шығармаларының желісі бойынша түркі елдері суретшілерінің жұмыстары енгізілген «Абайды оқи отырып» арт-альбомының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Альбом Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай жарияланған жылы аясында Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) шығарды.

Тұсаукесерге ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д.Қасейінов, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Г.Эфендиева, Қазақстан Елшісі С.Әбдікәрімов, Әзербайжан-Қазақстан республикалық достық қоғамының вице-президенті Э.Исмаилов, сондай-ақ Әзербайжанның ғылыми және шығармашылық топтарының өкілдері қатысты.

Фото Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігін баспасөз қызметінен

Кездесуге қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Д.Қасейінов Абай халық ақыны, ойшыл, ағартушы және қазақ ұлттық әдебиетінің негізін қалаушы бола отырып, Қазақстанға ғана емес, бүкіл түркі әлеміне де бай мұра қалдырғанын, оның өлеңдері мен дана сөздері бүкіл түркі халықтарының мәдениет байлығы мен руханиятын бейнелейтінін атап өтті.

Іс-шара барысында ұлы қазақ ақынының есімі мен мұрасын насихаттауға зор үлес қосқан тұлғаларға «Абай 175 жыл» естелік медальдары мен құрмет грамоталары табыс етілді.

Фото Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігін баспасөз қызметінен

БМУ жанындағы Абай атындағы Қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығының жетекшісі Ф.Дурсунова, БМУ түркология кафедрасының меңгерушісі Р.Асқаров, журналист-публицист А.Эйвазова, жазушы-прозашы Н.Абдулрахманлы, ӘР педагогикалық университеті әдебиет кафедрасының профессоры Э.Гулиев, БМУ түркология кафедрасының профессоры Ф.Агаева құрметті марапаттарға ие болды.

Фото Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігін баспасөз қызметінен

Қонақтарға ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы деректі ролик көрсетіліп, қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылды.