«Smart Astana» мобильді қосымшасы жаңартылады – басқарма басшысы

0
101

Алдағы ақпанда «Smart Astana» мобильді қосымшасының жаңа нұсқасы іске қосылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Smart Astana» мобильді қосымшасы қазіргі уақытта да жұмыс істеп тұр. Бірақ ол қазіргі заманға сай емес. Яғни қазіргі уақытта тұрғындар әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланатындықтан, ақпараттарды желілердегідей көруге дағдыланған. Сондықтан «Smart Astana» қосымшасын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның жаңа нұсқасы алдағы ақпан айында дайын болады», – деді ол.