Елордада былтыр «Ақылды шлагбаум» жобасы іске қосылды

0
129

Нұр-Сұлтан қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек былтыр «Ақылды шлагбаум» пилоттық жобасы іске қосылғаны жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«2020 жылы біз бірнеше пилоттық жобаны іске қостық, солардың бірі – «Ақылды шлагбаум» жобасы. Шлагбаумға орнатылған жүйе тәуліктің кез келген уақытында жедел жәрдем және басқа да шұғыл қызметтер үшін шлагбаумдардың автоматты түрде ашылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл осы бағыт бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады», – деді ол.

Алтын Салық