Алтай Көлгінов газ баллоны жарылысынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтты

0
94

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.

«Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған әйелдің отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды. Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырдым», — деп қала әкімі Instagram парақшасында мәлім етті.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, бір адам көз жұмды.