Аю, борсық майы коронавирустан емделуге көмектесе ме

0
64

ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева коронавирустан емделуге халық медицинасы қаншалықты дұрыс екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Халық медицинасында борсық майы, аю майы қолданылатыны рас. Дегенмен олардың коронавирустан емделуіне әсер ететіні әлі дәлелденген жоқ. Аты аталған аңдардың майын ішу арқылы емделу әзірге қаншалықты жөн екені белгісіз. Сол себепті халық медицинасы коронавирустан емделуге қауқарлы деп сеніммен айту әзірге ерте», – дейді Ләззат Ералиева.

Айта кетейік, брифинг барысында иммунды жүйені нығайтудың жолдары айтылған болатын.