ПТР тест теріс нәтиже көрсеткенмен симптомдары КВИ-ге ұқсас науқастарға қандай ем қолданылады

0
83

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медициналық орталығы» ШЖҚ МКК қалалық инфекциялық орталығының басшысы Татьяна Цечоева бұл сауалға ОҚК-да өткен онлайн брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Пациенттің ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсеткенмен клиникалық белгілерінің бәрі коронавирус инфекциясы бар дегенге меңзейді. Ондай науқастар айтарлықтай көп. Хаттамаға сәйкес оларға коронавирус инфекциясы бар науқастарға қолданылатын ем жүргізіледі», – деді Татьяна Цечоева.