Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев

0
63

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Дүниежүзілік балалар күні екенін көпшіліктің есіне салып, өзінің Twitter-дегі парақшасында жас ұрпаққа қамқорлық көрсету басты мақсат екенін жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет», – деп жазды Президент. 

Айта кетсек, бүгінгі Дүниежүзілік балалар күнін 1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы барлық елдерде мерекелеуді ұсынып, 1959 жылы осы күні Балалар құқығы декларациясы, ал 1989 жылы Балалар құқығы конвенциясы қабылданған болатын.