Аудармамен белсенді түрде айналыспасақ, тілдің қолданыс аясын кеңейте алмаймыз – Кенжеханұлы

0
106

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы Тәуелсіздігімізді сақтап, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту үшін аудармамен белсенді түрде айналысу керектігін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Біз сияқты елге аудармамен белсенді түрде айналысу керек. Бұл жерде тек қана Ұлттық аударма бюросы ғана емес, ғылыми академиялық әдебиет болсын, көркем әдебиет болсын, медиа материалдар болсын, видео, аудио болсын басқа ұйымдар да жүйелі айналысуы қажет. Қазіргі уақытта балаларды қызықтыратын видео ойындар, визуалды материалдар, осының барлығы аударылмаса, біз тілдің қолданыс аясын кеңейте алмаймыз. Түптеп келгенде, бұл – біз үшін тәуелсіздік мәселесі. Аударма мектебі және мамандар өз бетінше пайда болмайды, яғни олар аспаннан түспейді. Ал білікті мамандар қалыптасуы үшін осындай жобалар жасалуы керек. Әр оқулықты аударған сайын мамандар кәсіби біліктілігін арттырып отыр», – деді ол.