Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ШОБ-қа 1 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетті

0
180

 

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы шағын және орта бизнеске 1 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспарын орындау мақсатында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты 1 қыркүйектен бастап осы жылдың соңына дейін жалға алушыларға коммерциялық кеңістікті жалға беру төлемін тоқтатты. Әуежай бұған дейін де карантин уақытында жалдау төлемдерін тоқтатып, жолаушылар трафигінің төмендеуіне байланысты жеңілдіктер қарастырған болатын.

«Нәтижесінде, 2020 жылдың 20 наурызынан 31 желтоқсанына дейінгі аралықта коммерциялық кеңістікті жалға беруден әуежайдың кірістер бойынша жоспарының атқарылмауы  – 992 миллион теңгені құрады», деп көрсетті Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.