Жолаушыларға шетелдерден Қазақстанға келуге рұқсат берілді – Қожапова

0
179
фото интернеттен алынды

 

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова онлайн брифингте жолаушыларға шетелдерден Қазақстанға келуге рұқсат берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстанға шетелдерден барлық көлік түрімен келуге рұқсат берілді. Келген кезде жолаушылардың денсаулығы бақыланады. Термометрия және ПТР тест анықтамасы талап етіледі. Мысалы, 1-санаттағы Қытай, Малайзия, Тайланд сияқты 12 елден келетін жолаушылар термометриялық тексеруден өтеді. Одан кейін 2-санаттағы 21 елден келушілерде ПТР тесттің анықтамасы болуы керек. Егер жолаушыларда ПТР тесттің оң нәтижесі болса, олар бірден медициналық ұйымдардың бақылауына алынады. Ал теріс болған жағдайда олардың ел ішінде жүріп-тұруына шектеу қойылмайды», – деді ол.