Мереке және демалыс күндері қандай нысандарға жұмыс істеуге рұқсат берілді

0
202

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова онлайн брифингте демалыс және мереке күндері қандай нысандарға жұмыс істеуге рұқсат берілгені туралы айтты туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Демалыс және мереке күндері сауда үйлері мен сауда, ойын-сауық орталықтарының және азық-түлік немесе азық-түлік емес жабық базарлардың жұмысын уақытша тоқтату режимі бұрынғыша сақталады. Ал сұлулық салондар мен шаштараздарға, спа-орталықтарына, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтарға, фитнес-орталықтарына, бассейндерге, спорттық сауықтыру орталықтарына, спорт кешендеріне, діни мекемелерге демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді», – деді ол.