Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, бірқатар жеңілдік енгізілді – Роза Қожапова

0
186

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова онлайн брифингте Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, қандай жеңілдіктердің енгізілгені туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«16 қыркүйек күні қол қойылған Бас санитар дәрігердің 53-қаулысына сәйкес, бірқатар жеңілдіктер енгізілді. Мысалы, балалар кабинеттерінде, түзету орталықтарында, білім беру топтарында балалар саны 5-тен 15-ке дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және өзге де ұйымдарда, кәсіпкерлік субъектілерінде мамандардың 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Бұған дейін бұл көрсеткіш 80 пайыз болған. Ашық аудандарда ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50 орындық залдар мен қоғамдық тамақтану орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді», – деді ол.