Қазақстанның барлық өңіріндегі су сапасын онлайн режимде бақылауға болады

0
201

Қазақстанда жер үсті су сапасының интерактивті картасы жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгін – Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысандарында жүргізіледі», – деп жазды министр өз Twitter парақшасында.

Министрдің сөзінше, жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы өткен жылы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдердің су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар.

«Барша қазақстандықтарды ең бағалы табиғи ресурсымыздың бірі – суды сақтауға, оған ұқыпты қарауға шақырамын», – деді Мағзұм Мырзағалиев.