Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін қараша айында өткізуді жоспарлап отыр

0
81

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы шаршы алаңға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазір жаттығудамын. Рингке қараша айында оралуды жоспарлап отырмын. Көп ұзамай өтетін күн мен қарсыластың есімін білуім керек», – деді боксшы.

Оның сөзінше, бокс кеші Канадада өтуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Садриддин Ахмедов (11-0, 10КО) соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген. Канададағы Квебекте қазақстандық боксшы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6, 7КО) нокаутқа жіберді.