Ауруханалар мен емханаларға COVID-19-бен күресу үшін жабдықтар жеткізілді

0
94
Фото: Samruk-Kazyna Trust

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өңірлік емдеу мекемелерін ӨЖЖ аппараттары, оттегі концентраторлары, сондай-ақ пульсоксиметрлер сияқты аса қажетті медициналық аппараттармен жабдықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің айтуынша, коронавирустық инфекция мен пневмониямен ауыратын науқастарға жедел көмек көрсету үшін аталмыш жабдықтар айтарлықтай сұранысқа ие.

«Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жалпы саны 2 050 жабдық пен 100 жедел жәрдем машинасы сатып алынды. Мұның барлығы Денсаулық сақтау министрлігінен алынған ақпаратқа және жергілікті атқарушы органдардың сұраныстарына сәйкес өңірлер арасында бөлінген.

Фото: Samruk-Kazyna Trust

«Коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына ықпал ету және біздің дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін еліміздің медициналық мекемелері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Енді дәрігерлерде аурудың жаңа өршуінің алдын алу үшін қосымша ресурстар бар», – дейді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі Қор бөлген 450 млн теңге қаражат есебінен қорғаныс маскаларын сатып алып, тігуді жүзеге асырды.

Сонымен қатар, Қор AutoMag-96 құралын сатып алуға көмектесті, осылайша Нұр-Сұлтан қаласының емханаларына қызмет көрсететін ұлттық ғылыми медициналық орталық клиникасының ПТР зертханасының өнімділігін арттырды.

Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің өзара қарым-қатынасы аясында компания қаражаты есебінен 100 жедел жәрдем машинасы, 1 000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1 000 пульсоксиметр және вирусқа қарсы 3 000 «Авифавир» препараты сатып алынды.