Волейболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты өткізілмейді

0
102

Волейболдан 2020 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Бұл туралы Халықаралық волейбол федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай шешімді қабылдауға коронавирус індеті себеп болып отыр.

«COVID-19 індетіне байланысты сондай-ақ, мемлекеттер шекарасының ашылмауы мен көрермендердің залға жіберілмеуіне орай FIVB 2020 жылғы турнирді өткізбеу туралы шешім қабылдады. Ұйым барлық волейболшылардың денсаулығына жауапты болғандықтан, 2020 жылдың қазанынан бастап келесі жылға турнирлерге өтінім қабылдай бастайды», – делінген хабарламада.