Қазақстан халқының саны 18,8 миллион адамға жетті

0
115

Биылғы қыркүйекте Қазақстан халқының саны 18 млн 785 мың адамға жетті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Биылғы 1 қыркүйекте еліміздегі халық саны 18 785 млн адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 11 066,2 млн (58,9 пайыз), ауылдықтар – 7 718,8 млн адам (41,1%)», – делінген ақпаратта.

Комитет мәліметінше, былтырғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 237,5 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. Ең көп жалпы өсім еліміздің 3 ірі қаласында, яғни Алматы (63,1 мың адам), Нұр-Сұлтан (50 мың адам) және Шымкент (31,8 мың адам) қалаларында болған.