Елордалық полицейлер тапсырыс бойынша автокөлікті ұрлаумен айналысқан күдіктіні ұстады

0
127
Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Сарыарқа» ауданы полиция басқармасының қызметкерлері үшінші тұлғалардың тапсырысы бойынша автокөлік ұрлады деген күдікпен Көкшетау қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Тергеу барысында полицейлер оның танысы арқылы Нұр-Сұлтан қаласында «БМВ Х-5» маркалы автокөлігін ұрлауды ұсынғанын анықтады. Келіскеннен кейін ол автокөлік иесінің мекенжайын алады. Елордаға жеткен жас жігіт мекенжайға келеді. Автокөлік иесінің оны аулада қалдыруын күткен соң, ол көлікке отырып, ұрлық жасады. Елордадан айдап әкетуші Қарағанды қаласына барып, құны 4 млн 800 мың теңге «БМВ Х-5″ автокөлігін тапсырыс берушіге берген», – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізген кезде күдікті Көкшетау қаласының аумағында анықталып, ұсталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы («Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын заңсыз иелену») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар барлық адамдарды анықтап, тергеу шараларын жүргізуде.