Агенттіктің ашықтығы және оның қызметіне азаматтық қоғамды тарту мәселесі талқыланды

0
140

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Серіктестік департаментінің директоры Расул Медетов азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ашықтығы жөнінде айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

***

Бүгінде әрбір азамат, қоғам қайраткері, оның ішінде журналистер де парасаттылық идеологиясын ілгерілетуде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда ерекше рөл атқарады, өйткені жұртшылықтың белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес.

Агенттік мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмысты белсенді жүргізуде. Бүгінгі таңда жұртшылық өкілдері қатарынан Агенттік жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың негізгі генераторлары болып табылады.

***

Өздеріңізге белгілі болғандай, Агенттік жанынан құрылған алғашқы қоғамдық институт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша Арнайы мониторингтік топ болды.

2015 жылы құрылған, 5 жыл ішінде нақты және Азаматтық бақылау институтына айналды, республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін дамытуға елеулі үлес қосты.

АМТ мүшелері жүйелі түрде ҰБТ-нің өтуіне мониторинг жүргізу және магистратураға түсу кезінде гранттарды бөлу арқылы Академиялық адалдық қағидаттарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.

АМТ-ның бүгінгі проблемаларды неғұрлым нақты шешу мақсатында барлық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, әсіресе салықшылар мен кеденшілердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған.

***

Екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы елдік қозғалысқа айналған «Адалдық алаңы» бағдарламасы күн сайын үлкен танымалдылыққа ие болуда.

Елордада басталған және Елбасының тапсырмасы бойынша бүкіл елге ауқымды бұл жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудың жалпыұлттық идеясын ілгерілетудің толыққанды брендіне айналды.

Бұдан басқа, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері шеңберінде мемлекеттік органдарды ауқымды трансформациялау, олардың қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуі бастамашылық етілді.

Бұл әр түрлі деңгейдегі 200-ден астам ашық сервистік әкімдік, шамамен 2 мың кедергісіз фронт-офис және open space, соның арқасында мемлекеттік қызметшілер сөздің тура мағынасында халыққа жақындайды, ал азаматтар қызметтерді ыңғайлы және түсінікті жағдайларда алады.

***

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу тетігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және тәрбиелеу маңызды рөл атқарады.

Бұл жерде, бірінші кезекте, азаматтардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша пәрменді шаралар қабылдай отырып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға көңіл бөлінеді.

Бұл жұмыстың триггері – «Adal kómek» еріктілер жобасы, оны іске асыру үшін патриоттық және қоғамның тағдырына бей-жай қарамайтын, құқықтың әртүрлі салаларында мамандандырылған білікті заңгерлер тартылған.

Жоба аясында 2,5 мыңға жуық заңгерлермен азаматтардың 18 мыңнан астам сұрақтары бойынша түсініктемелер берілді.

***

Халықпен сындарлы диалог құрудың, парасаттылықты насихаттаудың және сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамаудың тағы бір құралы республикалық және өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабтар болды.

Олардың мақсаты барлық дерлік әлеуметтік желілерде жобалық кеңселердің қызметін кеңінен жариялау болып табылады.

Осы жылдың басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру тақырыбында 1700-ден астам тікелей эфир ұйымдастырылды.

***

Экономикадағы циклдік дағдарыс құбылыстары аясында отандық бизнесті де, сыртқы инвесторларды да қолдау және қорғауды қамтамасыз ету мәселелері өзекті болып табылады.

Мемлекет тарапынан осындай қолдау нысандарының бірі «Protecting Business and Investment» немесе PBI жобасы болды, ол бизнес үшін өзіндік құқықтық қалқан болып табылады, жоба арқылы шамамен 12 трлн теңгеге 500-ден астам отандық және шетелдік инвестициялық жобаларды сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

***

Мемлекет басшысы 24 мың шақырым жолды реконструкциялау және жол сервисімен қамтамасыз ету тұрғысынан ауқымды міндеттерді айқындады. Ал бұл, шын мәнінде, Республикалық маңызы бар барлық жолдар.

Осы міндеттерді іске асыру үшін Агенттік «Сапалы жол» жобасын ұсынды. Жобаның сәтті тәжірибесі нәтижесінде 12 млрд теңге үнемделді.

***

Біздің барлық бастамаларымыз ел басшылығы мен жұртшылық тарапынан қолдау тапты.

Бұған қосымша мысал ретінде азаматтардың бюджетті қалыптастыру және жұмсау процесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы мемлекетті басқаруға қоғамдық қатысуға бағытталған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасын» іске асыру болып табылады.

***

Қоғам мен мемлекет арасындағы қашықтықты қысқарту арқылы азаматтық қоғам құру, мемлекеттік аппараттың халық алдындағы барынша ашықтығы аясында осы жылдың басында құрылған Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңес маңызды рөл атқарды. Кеңес үлкен кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар беделді және құрметті қоғам қайраткерлерінен құрылған.

Кеңес мүшелері сондай-ақ агенттігі әзірлеген НҚА, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мәселелері; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет еткен қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары бойынша НҚА-ға сараптамалық баға берді.

***

Біздің бастамаларымызды қолдаудың арқасында Агенттік бүгінде Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде халықпен сындарлы диалогты қамтамтасыз етеді.

Қоғам мен Антикордың күш-жігерінің синергиясы жоғары деңгейде естіліп, байқалды, нәтижесінде Мемлекет басшысы «қоғамдық бақылау туралы» Заңды әзірлеу және қабылдау туралы бастаманы қолдады.

Оның қабылдануымен ашықтық, бақылауда болу, мемлекеттің қоғамға есептілігі есебінен сапалы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің жаңа кезеңі басталады.