Дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңгеге дейін көтеріледі – Төсекбаев

0
153

ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев онлайн брифингте алдағы жылдары медицина қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, сала мамандарының жалақысын өсіру, оларды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету және жайлы баспаналы болуы керектігі сияқты үлкен міндеттер қойып отыр. Бұл ретте 2020-2025 жылдарға арналған бағдарлама аясында денсаулық сақтау саласы мамандарының жалақысы 2,5 есеге көтерілетін болады. Яғни орташа жалақы 550 мың теңгені құрайды деп көзделуде. Бүгінде дәрігердің орташа жалақысы – 258 708 теңге», – деді ол.