«Күнделік.кз» 332 мың ұстаз бен 2,2 млн оқушыға қызмет көрсетеді – М.Ілиясов

0
86
фото интернеттен алынды

 

«Күнделік» жобасының бас директоры Мұхтар Ілиясов онлайн брифингте «Күнделік.кз» платформасының 2 238 563 оқушыға қызмет көрсететінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Біз 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Күнделік.kz – Мектептерге, білім беру мекемелеріне толықтай ақысыз жүйе. Бұл платформа биылғы жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында сабақ қашықтан білім беру форматында өтетіндігін ескере отырып, жаз бойы дайындық жүргізді. Пайдаланушылардың ықтималдылық жүктемесі жеңілдетілді. Инфрақұрылымдық жүйесі 30 пайызға кеңейтіліп, жүйе едәуір жақсартылды. Осының арқасында біз бірінші тоқсанда толық дайын болдық. Техникалық ақаулар болған жоқ. Қазіргі уақытта Күнделік жобасында 6 200-дей мектеп жұмыс істеп жатыр. Нақтырақ айтқанда, 332 601 мұғалім мен 2 238 563 оқушыға, 2 016 990 ата-анаға қызмет көрсетіп жатырмыз», – деді ол.