Қуат Хамитов дезинфекциялаушыларға күш қолдану керек деген сөзіне қатысты мәлімдеме жасады

0
40

 

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов дезинфекциялаушыларға күш қолдану керек деген сөзіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Спортшы кезекті видеомәлімдемесін инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жасады.

Спортшы тергеуден босатылғанын және 25 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жек алдында жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ Қуат дезинфекциялаушыларды ұрып-соғу керек деген сөздерінің әзіл-қалжың екенін тілге тиек етті. Бірақ дезинфекция жұмыстары дұрыс жүргізілмейді деген санайтынын айтты.

Айта кетейік, Қуат Хамитов сегізбұрышқа 25 қыркүйекте оралады. Мәскеуде өтетін FIGHT NIGHTS GLOBAL 98 турнирінде Олег Косиновқа қарсы жекпе-жек өткізеді.