Onlinemektep платформасына 5 700 сабақ енгізілді – Санжар Кенжеханұлы

0
64

Bilimmedia group директоры, Onlinemektep жобасының жетекшісі Санжар Кенжеханұлы онлайн білім форматы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Пандемия басталған кезден бастап қашықтан білім беруге атсалысып келеміз. Көктемде 3 мыңнан аса сабақ жүктеп, оны Қазақстанның барлық өңіріндегі оқушылар қолданды. Біздің ұжым жазғы 3 ай бойы қашықтан білім беру форматына дайындық жүргізді. 200 маманымыз бен Назарбаев зияткерлік мектептерінің 500 мұғалімі бірлесіп, жұмыс істеді. 42 пән бойынша қазақ және орыс тілдерінде 5 700 сабақ енгізілді. Әрбір сабақтың ішінде орта есеппен 8-ден 27-ге дейін жаттығу, яғни 140 мың жаттығу дайындалды. Еліміз бойынша 4 200-ге жуық мектеп қашықтан білім беруге көшсе, соның ішінде 3,5 мың мектеп Onlinemektep онлайн білім беру платформасын пайдаланады », – деді ол.