«Шаңырақ» бағдарламасына қатысуға 17 қыркүйектен бастап өтінім қабылданады

0
78
фото aikyn.kz

«Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы бойынша, ендігі кезекте 2015 жылға дейін үй кезегінде тұрған жандар қатыса алады. Бұл туралы Елорда Инфо «Тұрғын үй қоры» КММ сілтеме жасап хабарлайды.

Өтінім беру мерзімі 17 қыркүйектен бастап 16 қазанға дейін.

5% несие мөлшерлемесі;

10% алғашқы жарна;

20 жылға дейінгі несие.

Сізде ТҰҚЖБ-де депозит болуы керек.

«1986 жылдан 2015 жылға дейін(қоса алғанда) тұрғын үй кезегінде тұруыңыз керек. Сіздің отбасыңыздың кірісі (күйеуі + әйелі) соңғы 6 айдағы ресми зейнетақымен немесе жеке кәсіпкердің декларациясымен немесе қызметтерді көрсетуге арналған шарттар бойынша шегерімдермен расталуы керек», делінген Тұрғын үй қорының хабарламасында.

Бұл ретте ол 3,1 ең төменгі күнкөріс минимумынан аспауы керек немесе әр отбасы мүшесіне 101 271 теңгеден.

Баспананы жаңа үй немесе салынып жатқан үйлерден (тұрғын үйге кепілдік беру қорының гарантиясы бар) таңдауға болады.

Өтінім hcsbk.kz сайтында беріледі.

Толық ақпарат 300 нөмірі бойынша (Мобильді нөмірден тегін).