«Жұмадағы жүздесу»: Тікелей эфирде академиялық адалдық қағидасы талқыланды

0
57

Бүгін «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында апта сайын жүргізілетін «Жұмадағы жүздесу» ток-шоуы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Әр жұмада кешкі сағат 17.00-де сарапшылар, ғалымдар және қоғам қайраткерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өзекті мәселелер тікелей эфир арқылы талқыланады.

Бүгін сағат 17.00-де «Қазақстандағы білім. Академиялық адалдық қағидасы» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Адам бойында адалдық, адамгершілік құндылықтары болмаса, олардың орнын терең білім толтыра алмайтыны сөзсіз. Академиялық адалдық – болашақ жас мамандарды парасаттылыққа тәрбиелеуге негізделген.

Студия қонақтары М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Провосы (Ректоры) Пен Сергей Геннадьевич және Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің профессоры, PhD Шаматов Дуйшон Алиевич.

Тікелей эфирді «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты, елорда әкімінің кеңесшісі, биология ғылымдарының кандидаты Мирас Шекенов жүргізді.

Тікелей эфирді мына сілтемеден көруге болады.