Карантин кезінде ЖОО-лардағы оқу ақысы арзандай ма

0
31

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов карантин кезінде оқу ақысы төмендемейтінін айтып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Біріншіден, олардың (ЖОО-лар) ғимараттарының шығыны бар. Біз студенттер қайта оралып, дәстүрлі режимде оқиды деген ойдамыз. Екіншіден, педагогтардың жалақысы сол күйінде сақталады. Олар тұрақты сабағын өткізіп тұрады. Оқу бағдарламасы, оқу курстары өзгермейді. Сонымен қатар, университеттер қашықтан оқу форматына көшкенде қосымша шығындар әкеледі», – деді министр ОҚК мәслихатында.

Сөзін жалғай отырып, оқу орындарының шығындарын тілге тиек етіп өтті.

«Біріншіден, жаңа серверлік қуат қажет. Екіншіден, байланыс арнасын кеңейтеді. Үшіншіден, осы кезең үшін көптеген жоғары оқу орындарында ішкі ақпараттық жүйелер, оның ішінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйелер болмағаны ешкімге құпия емес. Көптеген ЖОО-лар Platonus секілді өзге де қазақстандық және Canvas секілді шетелдік компаниялармен келісімшарт жасайды», – деп түсіндірді ведомство басшысы.