Алик Шпекбаев пен Алтай Көлгінов «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді

0
134

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бірқатар қалалық нысандарды аралады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бірінші кездесу «Астана – адалдық алаңы» жобасының тұжырымдамасы бойынша 2020 жылдың қазан айында ашылған Республика даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан Тұрғын үй саласында қызмет көрсету бойынша бірыңғай орталықта өтті. Тұрғын үй орталығының жалпы ауданы – 2 128,1 ш.м.

Тұрғын үй орталығы «Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ және «Өркен қала» ЖШС ұсынатын қызметтерді біріктірді.

Бұл орталық қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін ашылғандығын айта кету керек, сондықтан тұрғындарға бір тұрғын үй мәселесі бойынша қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан инстанциялар бойынша жүгірудің қажеті жоқ.

Алик Шпекбаев пен Алтай Көлгіновті Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Асылбек Есенбаев қарсы алып, фронт-офис жұмысымен таныстырды, онда азаматтар тек мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын қызметтерді ғана емес, Отбасы банкі өкілдерінен тұрғын үй сатып алу мәселелері бойынша кеңес ала алады.

Орталық қызметкерлері күн сайын 300-ден астам азаматтарға тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою және кезекке қою, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын, тұрғын үй сертификаттарын іске асыру, тұрғын үйді жекешелендіру және т.б. мәселелер бойынша кеңестер береді.

Халықтың мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлерімен тікелей байланысы алынып тасталды.

Келесі нысан Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызмет көрсету және кеңес беруге шоғырланған фронт офисі болды (орналасқан мекенжайы Затаевич көшесі, 13/1).

Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Мұрат Берекполов қонақтарды мемлекеттік қызметтің 9 түрін ұсынатын фронт-офис жұмысымен таныстырды.

Бұл жерде азаматтар тіркеу туралы куәліктерді, әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын, ҰОС қатысушыларға куәліктерді, жеңілдіктері бар адамдарға (ҰОС қатысушыларына, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамаларды, әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтаманы, әскери қызметке қатысы туралы анықтаманы, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін анықтаманы, азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару бойынша қызметтерді ала алады.

Фронт-офис «Астана – адалдық алаңы» жобасының бастамасы бойынша ашылды, онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және олардың туындау жағдайларын болдырмайтын кедергісіз қолжетімділік және қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілген.

Одан әрі Алик Шпекбаев пен Алтай Көлгінов Әзірбаев көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жаңа әлеуметтік дәріханаға барды. Жалпы ауданы: 102, 1 ш. м.

«Астана» ӘКК басшысы Рүстем Қуанышбаев таныстырылым жүргізіп, «ҚҰРМЕТ-ФАРМ» ЖШС-не Әзірбаев көшесі, 4/1 және Сығанақ көшесі, 9 бойынша орналасқан екі тұрғын емес үй-жай берілгенін, онда азаматтар үшін ең төменгі үстеме баға бойынша дәрілік препараттар сатылатынын атап өтті.

Осылайша, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалпы жиынтық үстеме баға сақталады. Құны 3000 теңгеден жоғары тауарларға сатып алу бағасынан жалпы үстеме баға 4%-ды, 1000-нан 3000 теңгеге дейін 6%-ды, 500-ден 1000 теңгеге дейін 15%-ды құрайды.

Дәріханалардың ашылуы «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында өткізілді.

Өз кезегінде «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов бүгінгі таңда жобаның қызметі кең ауқымға ие болып отырғанын атап өтті.

Елорданың барлық аудандық әкімдіктерінде фронт-офистер ашылды. Тек 2020 жылы сервистік әкімдіктермен көрсетілген қызметтер саны 126 721 құрады, оның ішінде 46 511 – мамандар кеңесі.

Қызмет көрсетудің сервистік моделінің тұжырымдамасы Жұмыспен қамту орталығы, «іQALA» қалалық қызмет көрсету орталығы, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, Тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай тұрғын үй орталығы, Әскери комиссариаттың жинақтау пункті сияқты тұрғындар ең көп талап ететін мекемелерде енгізілді.

«Астана-адалдық алаңы» жобасы аясында ашылған «іQALA» бірегей орталығында бүгінгі таңда қаланың коммуналдық және муниципалдық қызметтерінің 151 қызметі цифрландырылған.

Ашылған сәтінен бастап, 2019 жылдың шілде айынан, «іQALA»-да 75 мыңнан астам қызмет көрсетілген.

Айта кету керек, елордада жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің 100 пайызы электронды форматқа көшірілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.