Елордадағы Республика даңғылында көше саудасы дамиды — урбанистика орталығы

0
79

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспары аясында Республика даңғылын экономиканың шоғырланған орны ретінде абаттандыру жоспарлануда.
Біздің жоспарларымыз өзгерістер мен жылдам нәтижелерге бағытталған. Бұл туралы Елорда Инфо қалалық урбанистика орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінгі күні барлық континенттерде нарықтық сауда және жеңіл өнеркәсіп көшелерде дамып келеді. Нью-Йорктегі Бродвей көшесі, Лондондағы Оксфорд және көптеген басқа әлемдік қалалар сияқты көшедегі экономиканы қолдайтын керемет мысалдар бар. 2006 жылдан бастап АҚШ-та бірде-бір жаңа сауда орталығы тіркелген жоқ. Олар көше саудалары мен кәсіпкерліктің көшеде дамуы керек екеніне сенімді», — деп жазады аталмыш орталық.

Бұл тәсіл халықты жаяу жүруге, сол арқылы белсенді және сау болуға итермелейді. Бұл бүгінгі таңда бүкіл әлемде оңалту шарасы.

«Біз өз кезегімізде сапалы қызметтер мен тауарлар ұсынылатын қаладағы кәсіпкерлік көшелерді дамытуымыз керек. Көшеде серуендеу үшін жағдай жасауымыз қажет. Көшелерді жаңа заман талаптарына бейімдеп, белсенділікті қалыптастыру қажет. Бұл нәтижелер экономиканың өсуіне түрткі болады және жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін жағдай жасайды, халықтың кірісін арттыруға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, экономиканың өсуіне және әлеуметтік әсер етуге қызмет етеді», — деп хабарлайды урбанистика орталығы.