Қазақстандық боксшылар Кубаға оқу-жаттығу жиынына аттанды

0
73

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Кубаға оқу-жаттығу жиынына аттанды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев және құрама жаттықтырушылары Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Ақүрпеков, Асқар Еркебаевтың жетекшілігімен 16 боксшы екі апта бойы шеберлік шыңдайды.

Бірлескен оқу-жаттығу жиыны Олимпиадаға дайындалу кезеңінің бірі ретінде өткізіледі.

Жаттығу жиынына қатысатын спортшылар:

Махмуд Сабырхан, Сакен Бибосынов, Ораз Асылқұлов (52 кг);

Серік Теміржанов (57 кг);

Ертуған Зейнуллиев (63 кг);

Саматали Төлтаев (60 кг);

Санатали Төлтаев (63 кг);

Абылайхан Жүсіпов, Қуан Қуатов (69 кг);

Абылхан Аманқұл, Райс Нұрқанат, Ермахан Жақыпбеков (75 кг);

Нұрбек Оралбай (81 кг);

Айбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай (91 кг);

Нұрлан Сапарбай (+91 кг).