Президент Жарлығымен Айгүл Құспан Елші қызметінен босатылды

0
88

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айгүл Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақордаға сілтеме жасап.

Айгүл Құспан қызметінен «Nur Otan» партиясының атынан Парламент Мәжілісіне депутат болуына байланысты босатылды.

Естеріңізге салсақ, елімізде Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға сайлау 10 қаңтар күні өтті. Оның нәтижесінде Парламенттің төменгі палатасына депутаттық мандаттарға 3 партия ие болды.