Әмірхан Рахымжанов ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры қызметінен босатылды

0
63

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әмірхан Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақордаға сілтеме жасап.

Ә.Рахымжанов «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутат болып сайланды.

Естеріңізге салсақ, елімізде Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға сайлау 10 қаңтар күні өтті. Оның нәтижесінде Парламенттің төменгі палатасына депутаттық мандаттарға 3 партия ие болды: «Nur Otan» партиясы (76 мандат), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (12 мандат), Қазақстан Халық партиясына (10 мандат).