Астанада І ауысымдағы мектеп оқушылары сабақты онлайн оқиды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», – делінген Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының мәліметінде.
Осы уақытта термометр бағаны -33 градусты көрсетуде.
Айта кетсек, -33 градус аязға байланысты Ақмола облысының 1-11 сынып оқушылары да бүгін онлайн форматта білім алатын болады.