Жаңалықтар

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК  13-15 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

13 мамырда атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, ал Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады.

14 мамырдан бастап еліміздің басым бөлігінде, Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалымен, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарын қоспағанда, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, 14 мамырда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

15 мамырда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнгі уақытта топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді деп күтілуде.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

elorda.info

Back to top button