Жаңалықтар

Ресми түрде Android-қа арналған Club house қолданбасы шықты

Ресми түрде Android-қа арналған Club house қолданбасы шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

АҚШ-тан тыс жерде Clubhouse жүктеп алғысы келетіндер Google Play дүкенінде алдын ала тіркеле алады. Олар Android қосымшасының нұсқасы өз елінде пайда болған кезде хабарлама алады.

«Келесі бірнеше аптадағы біздің жоспарымыз – қоғамдастықтың пікірлерін жинау, кез келген мәселелерді шешу және төлемдер мен клубты құру сияқты бірнеше нақты мүмкіндіктерді қосу бойынша жұмыс жасау», – деді компания.

Clubhouse – бұл жаңа әлеуметтік желі, онда сіз тек дауыстық хабарламалар арқылы сөйлесе аласыз. Пайдаланушы болу оңай емес: сіз қосымшада тек шақыру арқылы тіркеле аласыз. Әлеуметтік желінің танымалдылығының шыңы ақпан айының басында Элон Маск тікелей эфир өткізгеннен кейін келді. Алайда, наурыз айында Clubhouse жүктеу саны 72%-ға төмендеді.

IOS смартфоны барлар ғана қолдана алған әйгілі Clubhouse әлеуметтік желісі ресми түрде Android-ке арналған қолданбасы шықты. Қазіргі уақытта қосымшаны ресми түрде Google Play-ден тек АҚШ тұрғындары жүктей алады, бірақ жақын арада ол басқа елдерде де қолданысқа енеді. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.

АҚШ-тан тыс жерде Clubhouse жүктеп алғысы келетіндер Google Play дүкенінде алдын ала тіркеле алады. Олар Android қосымшасының нұсқасы өз елінде пайда болған кезде хабарлама алады.

Алтын Өмір

Алтын Өмір, Elorda.info сайтының тілшісі

elorda.info

Back to top button