Жаңалықтар

Бокстан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

21 мамыр мен 1 маусым аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы:

49 келі: Даниял Сәбит

52 келі: Сәкен Бибосынов

56 келі: Сабырхан Махмұд

60 келі: Серік Теміржанов

64 келі: Закир Сафиуллин

69 келі: Абылайхан Жүсіпов

75 келі: Әбілхан Аманқұл

81 келі: Бекзад Нұрдәулетов

91 келі: Василий Левит

+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев.

«Бұл додаға Олимпиадаға қатысатын боксшыларды түгел алып бара жатырмыз. Өйткені, Азия чемпионаты Токио қарсаңындағы ең маңызды дайындық кезеңдерінің бірі саналады. Олимпиадада бақ сынайтын жігіттерді тағы да бір сынап алмақпыз. Сондай-ақ, Азия чемпионаты он салмақ дәрежесінде өтетіндіктен, 57 келідегі Серік Теміржановты 60 келіге ауыстырдық. 52 келідегі Сабырхан Махмұд 56 келіде жұдырықтасады. 49 келіде еліміздің ең жас чемпиондарының бірі болған Даниял Сәбитті сынға қостық. Олимпиадашыларға толық мүмкіндік бердік», – дейді бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев.

Еске сала кетейік, бокстан Азия чемпионаты Үндістанның Нью-Дели қаласында өтуі тиіс еді. Алайда, аталған елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біріншілік Дубайға ауыстырылды.

elorda.info

Back to top button