Жаңалықтар

Қазақстандағы мейіргер ісі мамандарының үлесі 70 пайызды құрайды

Медбике персоналы медициналық персонал құрылымындағы барынша көп санатты құрайды, оның үлесіне барлық денсаулық сақтау кадрларының шамамен 60%-ы келеді (ДДҰ деректері бойынша), бұл ретте Қазақстандағы мейіргер ісі мамандарының үлесі 70%, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Соңғы 10 жылда орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда 78,6-дан 95,3-ке дейін өсті. Бүгінгі таңда республикада 185 мыңнан астам орта буын мамандары жұмыс істейді, яғни дәрігерлер санынан 2 есе артық. Бұл – медициналық көмектің тиімділігі көбінесе медбикелердің кәсібилігіне және жаңартылған мейірбикелік қызметке байланысты екенін көрсетеді.

Медбике ісінің академиялық бакалаврлары мен магистрлерін даярлау Қазақстан Республикасының 7 жоғары оқу орнында жүргізіледі. Академиялық бакалаврлардың жыл сайынғы шығарылымы орта есеппен 200 адамдай, медбике ісі бойынша магистрлер 10 адамнан аспайды.

Орта буын медбикелерін 89 медициналық колледж дайындайды, оның ішінде 24 – мемлекеттік, 65 – жекеменшік. Мамандарды даярлау 8 мамандық және 16 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Жыл сайын 19 мыңнан астам орта медициналық қызметкерлер дайындалып шығады, оның 7 мыңнан астамы «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша.

Республиканың 37 медициналық колледжі жоғары колледждер мәртебесіне ие болды және медбикелік күтімді жүзеге асыра алатын, пациенттерге, олардың туыстарына ауруды басқару бойынша консультация бере және үйрете алатын, денсаулығын нығайту және аурулардың алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асыра алатын қолданбалы бакалавр – кеңейтілген практикадағы медбикелерді даярлауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, кеңейтілген практикадағы медбикелер дәрігерден жеке дербес қабылдауды, динамикалық бақылауды, консультация беруді, ауруларды басқару бағдарламасы шеңберінде оқыту мен патронажды жүзеге асыратын, скринингтер, вакцинациялар және бірқатар диагностикалық, емдік рәсімдер жүргізетін болады.

elorda.info

Back to top button