Жаңалықтар

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау 1 маусымда басталады

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 1 маусымда басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым-15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинеті арқылы беріледі», делінген хабарламада.

Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

Араб тілі бойынша және шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында өтеді. Магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.

elorda.info

Back to top button