Жаңалықтар

Ердоған Зеленскиймен кездесуінде «Қырымға қатысты аннекцияны» мойындамайтынын мәлімдеді

Түркия президенті Реджеп Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуінде Украинаның тәуелсіздігі мен территориясының тұрақтылығын қолдайтынын, Түркияның «Қырымға қатысты аннекциясын» мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Елорда Инфо тілшісі Украина президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз Украинаның шығысындағы жағдай халықаралық заңнамаларға сәйкес, территория тұрақтылығы сақтала отырып, бейбіт жолмен шешіледі деп сенеміз. Жағдайды ушықтырмай, тез арада тоқтату керек. Біз оны бақылап отырмыз. Минск келісімшарты аясында шиеленіс бәсеңдеуі тиіс», – деді Ердоған.

Зеленский түркиялық әріптесіне Қырым түбегінде адам құқығы тапталғанын және онда әлі де милитандыру жалғасып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол Ердоғанға «Қырым платформасы» форматына қосылуға дайын тұрғаны үшін ризашылығын білдірді.

«Түркия Украинаның тәуелсіздігін, территориясының тұтастығын қолдайды. Біз тағы да Қырымның заңсыз аннекциясын мойындамайтынымызды көрсеттік. Сонымен қатар біз Украина жерін біріктіруге шақыратын Қырым платформасын қолдайтынымызды айттық», – деді Режеп Ердоған. 

Нұрдәулет Кәкіштегі

Нұрдәулет Кәкіштегі Elorda.info сайтының тілшісі

elorda.info

Back to top button