Қазақстанның энергия тиімділігі картасына 17 жоба енгізілді

0
23
фото www.gov.kz
фото www.gov.kz

Биыл Қазақстанның энергия тиімділігі картасына 17 жоба енгізілді. Жобалардың аяқталуы бойынша күтілетін жылдық үнем 1,4 млрд. теңгені құрайды. Энергия тиімділігі картасындағы жобалардың жалпы саны – 134, оған 65 млрд.теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Энергия тиімділігі картасының жаңа жобалары: Өскемен, Семей қалаларында және басқа да өңірлерде көше жарығын жаңғырту; автоматтандырылған жылу пунктін орнату және энергия үнемдейтін шамдарды орнату; Тараз қаласының сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту және сенімгерлік басқару; жылыту жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету Әйтеке би кентіндегі амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы орталық аудандық ауруханасы мен Арал аудандық мұрағатында,  Арал қаласындағы №2 Облыстық арнайы санаторлық мектеп-интернаты және индустриялық-техникалық колледжінде; Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжі және Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратын; Жаңақорған кентіндегі амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы және Жаңақорған аудандық мұрағатын; Шиелі индустриялық-аграрлық колледжі және Шиелі кентіндегі облыстық балаларды оңалту орталығын; Шиелі аудандық мұрағаты мен Шиелі кентіндегі амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасында көзделген, сондай-ақ Қызылорда қаласындағы арнайы медициналық жабдықтау базасының жылыту жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету бағытында жұмыстар жүргізілмек.

Энергия тиімділігі картасы-энергия сервистік келісімшарттар тетігі арқылы іске асыруға дайын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі. Энергиясервистік келісімшарт тартылған энергиясервистік компанияның қаражаты (жеке, несиелік) есебінен, жеке шығындардың орнын толтыру мен энергияшығынның іс жүзінде қол жеткізілген үнемділігінен қаржылық табыс алу арқылы тапсырыс берушінің кәсіпорнына энергия үнемдейтін технологияны енгізу бойынша жұмыстар кешенін мамандандырылған энергиясервистік компанияның орындауын болжайды.

Энергия үнемдейтін технологияларды енгізу – бұл әрбір нақты кәсіпорынның нарықтағы өміршеңдігі, оның бәсекеге қабілеттілігі мен даму келешегі туралы сұрақ. Жеке қаражаттар жоқ кезде барынша тиімді әрекет нұсқасы энергиясервистік келісімшартты қолдану арқылы жаңарту болып табылады.

Энергиясервистік келісімшарт жасасқан жағдайда қаржылық шығындардың көп бөлігін өзіне энергиясервистік компания жүктейді. Жобаны жүзеге асыруға кеткен барлық шығындар энергия ресурстарын қол жеткізілген үнемдеу есебінен толтырылады.