ITTF коронавирус індетіне байланысты жарыс өткізу хаттамасына өзгерістер енгізді

0
18
фото olympic.kz
фото olympic.kz

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) коронавирус індетіне байланысты жарыс өткізу хаттамасына өзгерістер енгізді. Бұл туралы Елорда Инфо olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

.Құжаттағы негізгі мәселелер төмендегідей:

– Ұйымдастыру комитеті маска тағу, әлеуметтік ара қашықтық пен регламентті сақтауға жауапты;

– Қатысушылардың барлығы коронавирустың жоқтығын дәлелдейтін тест көрсетуі тиіс (4 күннен аспаған);

– Спортшылар күн сайын дене қызуын өлшеп, адамдар көп жиналатын жерге бармай, қоғамдық транспортқа мінбеуі тиіс;

– Жарыс кезінде әрбір қатысушы әр күн сайын тест тапсырып, аренадағы қатал талаптарды сақтайды. Тәртіп бұзған жағдайда, жарыстан шеттетіледі.

– Ұйымдастырушыдар арена мен жаттығу залындағы және қонақүйдегі тазалыққа, соның ішінде, дезинфекция, санитайзерге жауапты;

– Жарыс кезінде допқа демалуға тыйым салынады, столдар арасында арақашықтық сақталуы керек;

– Көрермендерді барлық санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда, медициналық ұйымдармен ақылдаса келе кіргізу қажет;

– БАҚ өкілдері мен фотографтар және ресми тұлғалар мен демеушілердің кіргізу шектеледі.

– Сондай-ақ, ойыншыларға маскасыз ойнауға рұқсат етілді. Алайда, ойын аяқталған соң, масканы қайта кию керек.