Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің қанша қызметкері қысқарды?

Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің штаттық саны 13 жарым мыңға қысқарды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Polisia.kz мәліметінше, 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен үш жылға арналған жол картасы қабылданды. Ол бойынша мынадай нәтиже бар. Қызметкерлердің штаттық саны 13 жарым мыңға қысқарды, 106 басқару бөлімі мен 1 483 басшылық лауазым таратылды. Бүгінде полицейлер саны 100 мың тұрғынға шаққанда 471-ден 369-ға дейін азайды.

«Бұл еуропалық елдермен сәйкес келеді. Әкімшілік шығындар азайды. Жұмыс үшін қажетті жағдайлар жасалды: әлеуметтік қорғау, тұрғын үй жағдайлары жақсарды, қызметкерлердің жалақысы көтерілді. Қызметкерлерді оқыту жүйесу қайта қаралды. Қызметке қабылдау талаптары күшейді», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар полиция қызметін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Енді полиция жұмысына халық баға береді. Тәуелсіз институттар әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, қауіпсіздік деңгейі және халықтың полицияға сенімі бойынша бағалайды.

elorda.info

Back to top button