Жаңалықтар

Экс-министр депутатты тікелей эфирде ұрып жіберді

Пәкістанның бұрынғы федералды ақпарат және хабар тарату министрі Фирдус Ашик Аван Пәкістан халық партиясының депутаты Кадир Мандохельді тікелей эфир кезінде шапалақпен ұрып жіберді. Бұл туралы Елорда Инфо haberler.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Фирдус Ашик Аван федералды ақпарат және хабар тарату министрі қызметін атқарған болатын. Ал 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Пенджаб премьер-министрінің ақпарат және мәдениет жөніндегі арнайы көмекшісі қызметін атқарып келеді. Ол жергілікті телеарналардың бірінде Пәкістан халық партиясының депутаты Кадир Мандохельмен бірге тікелей эфирге қатысып, түрлі тақырыптарды талқылады. Эфир барысында өзіне парақор деген айып таққан депутатты министр шапалақпен ұрып жіберді.

Осы оқиғадан кейін Фирдус Ашик Аван әлеуметтік желіде болған жайтқа түсінік беріп, депутаттың өзін балағаттағанын, ал эфир оқиғаны бір жақты етіп қана көрсеткенін мәлім етті.

«Тікелей эфир кезінде Пәкістан халық партиясының депутаты Кадир Мандохель мені жөнсіз бопсалап, марқұм әкем екеуіміз жайлы орынсыз сөздер айтты. Мұндай қорлыққа, жалаға шыдап тұра алмай, қол көтеруіме тура келді», – деді экс-министр Фирдус Ашик Аван.

elorda.info

Back to top button