Жаңалықтар

Елордада сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселесі талқыланды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Салтанат Дженалаева елордалық «Antikor Ortalyǵy» алаңының жұмысымен танысты. Ол #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Бақдәулет Жанділдаевпен бірге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу жұмыстары туралы тікелей эфир өткізді. Бұл туралы Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Эфир барысында спикер қалалық мәслихаттың депутаты ретінде атқарылған жұмыстар туралы айтып, шағын және орта бизнесті еліміздің экономикасының негізі ретінде қолдау қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың құқықтық базасын жаңғыртудың маңыздылығы талқыланды.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, оның туындау себептері мен жағдайларын жоюға қабілетті тиімді алдын алу шараларын атап өтті, сондай-ақ тиімді мемлекеттік басқару мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, депутат сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету туралы пікірімен бөлісті.

elorda.info

Back to top button