Жаңалықтар

Депутаттар пандемия қазақстандықтардың тұрмыстық жағдайына қалай әсер еткенін айтты

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеу орталығы жүргізген сауалнама Мәжіліс депутаттарын бей-жай қалдырмады. Бұл туралы Елорда Инфо Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған орталықтың сауалнамасына сәйкес, қазақстандықтардың 13 пайызы тіпті азық-түлікке ақшалары жоқ екенін, ал 26 пайызы материалдық жағдайлары ауыр екенін мойындаған.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының мүшелері тұрғындардың мұндай тұрмыстық ауыр жағдайына душар болуына коронавирустық пандемияның себеп болғанын айтты.

Мәжілісмендер аталған мәселені Парламенттің төменгі палатасының пленарлық отырысында айтқанмен, бұл түйткілдің түйінін шешу жолдарын әзірге ұсынған жоқ.

elorda.info

Back to top button