Жаңалықтар

Марк Узан: Дамушы елдер дамыған елдерді қуып жетеді

Орталық Азиядағы Central Asia Nobel Fest атты үш күндік ғылыми- онлайн фестивалі аясында өткен пандемиядан кейінгі кезең және жаңа әлемдік мегатрендтер жөніндегі бірінші сессияда Бреттон-Вудс жаңғырту бойынша комитетінің бас директоры Марк Узан пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлем мен дамушы елдер алдындағы негізгі тәуекелдер туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Әлемдік экономика мен сауданың жағдайы өзгеше болады. Мегатрендтер өзгереді, капиталдың келуі мен кетуі әлсірейді. Пандемия – бұл ең алдымен әр ел үшін сынақ, тұрақтылық сынағы», – деді Марк Узан.

Сонымен қатар ол дағдарыс дамушы елдерді ғана емес, экономикалық өсу мәселелерінен зардап шегетін Ресей мен Еуропа мемлекеттерін де қозғайды деп санайтынын жеткізді.

Оның пікірінше, мемлекеттер адами капитал, кәсіпкерлік, қаржылық ресурстар, денсаулық сақтау мен инфрақұрылым салаларына назар аударып, оларды дамытуға өз ресурстарын бағыттауы керек.

«Дамушы елдер дамыған елдерді қуып жетеді деп санаймын. Өйткені әлем соңғы онжылдықта «гиперглобализацияланады». Әлем виртуалды болып өзгереді және COVID-19 әлем өзгерістерін жылдамдатады. Біз қазірдің өзінде ескі әлемнен алыстадық, біз оған енді ешқашан оралмаймыз», – деді Бреттон-Вудс жаңғырту бойынша комитетінің бас директоры. 

Нұрдәулет Кәкіштегі

Нұрдәулет Кәкіштегі Elorda.info сайтының тілшісі

elorda.info

Back to top button